Жаппай тәртіпсіздікке қатысы бар қылмыстық топтың басшылары ұсталды (ВИДЕО)

Жаппай тәртіпсіздікке қатысы бар қылмыстық топтың басшылары ұсталды (ВИДЕО)

Жаппай тәртіпсіздікке қатысы бар қылмыстық топтың басшылары ұсталды (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Қаңтар айында болған жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыруға қатысы бар бірқатар қылмыстық топтың басшылары мен қатысушылары ұсталды деп жазды turkystan.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. Бірнеше өңірде болған бүліктен кейін ІІМ Криминалдық полиция департаменті Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе, Өскемен және Қызылорда қалаларында жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында бірқатар қылмыстық топтардың басшылары мен ұйымдасқан қылмыстық топтардың қатысушыларын ұстады және жауапкершілікке тартты. Олардың 4-7 қаңтарда жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыруға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Жүргізілген арнайы операциялардың нәтижелері бойынша ұсталғандардан көптеген қару-жарақ түрлері алынды. Атап айтқанда,  2 «Калашников» автоматы, 4 «ПМ» тапаншасы, 4 «Глок» тапаншасы, револьвер, «ТТ» тапаншасы, помпалық мылтық, автоматты мылтық, «Сайга-410» тегіс ұңғылы карабині, «Оса» травматикалық тапаншасы, «РГД-5» гранаты және әртүрлі калибрлі 130-дан астам оқ-дәрілер табылған. Барлық ұсталғандарға қатысты «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасы таңдалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.