«Президенттің батыл шешімдерінің арқасында елдің тұтастығын сақтап қалдық» - сенатор

«Президенттің батыл шешімдерінің арқасында елдің тұтастығын сақтап қалдық» - сенатор

«Президенттің батыл шешімдерінің арқасында елдің тұтастығын сақтап қалдық» - сенатор
ашық дереккөзі
Сенатор Әли Бектаев вице-премьердің атына жазған депутаттық сауалында биылғы жыл ел үшін оңай басталмағанын айтты. Өйткені қылмыстық топтардың қарапайым халықты өз мүдделеріне пайдалануы салдарынан кінәсіз адамдар зардап шекті, деп жазды turkystan.kz.
«Жылдың басы еліміз үшін күрделі ахуалмен басталды. Бұл оқиға халыққа да, билікке де үлкен сабақ болды. Қиын-қыстау шақта жағдайды бақылауда ұстауға міндетті мемлекеттік органдардың қауқарсыздық танытқанын көрдік. Мемлекеттің Тәуелсіздігі мен болашағына қауіп төнген осындай қысылтаяң кезде Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев барлық жауапкершілікті өз мойнына алып, уақтылы әрі батыл стратегиялық шешімдер қабылдады. Ең бастысы, Президентіміздің батыл шешімдерінің арқасында еліміздің тұтастығын сақтап қалдық. Мемлекет басшысы барлық жағдайды ашып айтып, теледидар арқылы халыққа дер кезінде бірнеше Үндеу жариялап, ашық ақпараттық саясат ұстанды», - деді сенатор.
Қазір Президент Үкімет алдына жаңа Қазақстанды құруға бағытталған нақты міндеттер қойды. Сенатор бұл бағытта ұлттық идеологияны қалыптастырып, жастармен жұмысты күшейту керектігін айтты. Оның айтуынша, қаңтардың қасіретті күндері алаңға шыққан жастардың көпшілігі деструктивті күштердің арандатуына бой алдырған.