Кремль Путин мен Тоқаевтың бүгін жүргізетін келіссөзіне ерекше мән бермек

Кремль Путин мен Тоқаевтың бүгін жүргізетін келіссөзіне ерекше мән бермек

Кремль Путин мен Тоқаевтың бүгін жүргізетін келіссөзіне ерекше мән бермек
ашық дереккөзі
Ресей мен Қазақстан Президенттері Владимир Путин мен Қасым-Жомарт Тоқаев Кремльде келіссөз жүргізетін болды деп хабарлады turkystan.kz. Кремль баспасөз қызметінің мәліметінше, Ресей - Қазақстан одағының жай-күйі мен одан әрі даму перспективалары, еуразиялық кеңістіктегі интеграциялық ынтымақ мәселелері және өзекті халықаралық проблемаларды талқылау жоспарланған. Бұл ретте Кремль алдағы кездесуге үлкен мән бермек.
«Бірқатар құжаттар дайындалып жатыр. Оның кейбіреуін дайындап үлгермеуі мүмкін. Дегенмен, бұл сапар өте маңызды, оған үлкен мән береміз. Қазақстан – біздің маңызды серіктесіміз», - деп мәлімдеді Ресей Президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков.
Оның айтуынша, Мемлекет басшылары жақын өңірлердегі ахуал мен қақтығыстар жайында да пікір алмасады. Бірақ баспасөз конференциясын өткізу жоспарланбаған. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев ертең Қазанда Татарстан Президенті Рустам Миннихановпен кездесіп, сол елдің бірқатар ірі өнеркәсіптік кәсіпорнын араламақ.