Иран тұрғыны жұрттың көзінше әйелінің басын кесіп алған

Иран тұрғыны жұрттың көзінше әйелінің басын кесіп алған

Иран тұрғыны жұрттың көзінше әйелінің басын кесіп алған
ашық дереккөзі
Кеше Иранда сұмдық жағдай болды. Бұл елдің тұрғыны тапталған намысы үшін 17 жастағы әйелін өлтірген, деп жазды turkystan.kz Regnum ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап. Қайғылы оқиға Иранның Ахваз қаласында болды. Ер адам көшенің ортасында келіншегін өлтіріп, басын кесіп алған. Ол аздай, сол басты көпшіліктің көзінше көше бойында ары-бері алып жүрген. Ер адамның мұндай қадамға баруына келіншегінің Түркияға барған кезде көзіне шөп салуы себеп болған көрінеді.  width= Соңғы мәліметтер бойынша қазір күйеу мен оған көмектескен ағасы қамауға алынған. Иранның БАҚ қадағалау қызметі Regnum ақпараттық агенттігіне елде жұмыс істеуге тыйым салды. Себебі бұл агенттік сұмдық видеоны бірінші болып жариялап жіберген. Жалпы, Иран Конституциясының 630-бабында күйеуі некеге адалдық танытпаған жағдайда әйеліне және басқа ер адамды өлтіруге немесе дене жарақатын салуға хақылы.