Жаңалықтар

Ирак пен Сирияға кеткен ресейліктер отанына қауіпті

ашық дереккөзі

Ирак пен Сирияға кеткен ресейліктер отанына қауіпті

Қақтығыстар басталғалы бері Сирия мен Ирак аумағына 3,2 мыңнан аса ресейлік террористер жағында соғысу үшін кірген. Бұл туралы РФ СІМ жаңа сынақтар және қатер мәселелері жөніндегі департамент директоры Илья Рогачев РИА Новости басылымына берген сұхбатында мәлімдеді. Оның айтуынша, "Ирак пен Сирияда "төселіп" алған ресейлік содырлар елдің өзіне қауіпті болып тұр". "Құқық қорғау органдары мен арнайы қызметтің мәліметіне сәйкес, қақтығыс ошақтарына 3,2 мың ресейлік аттанған. Бірқатар жағдайда аталған тұлғалар қарулы қақтығыстар жүргізу тәжірибесін жинақтап, халықаралық террористік ұйымдармен байланысы бола отырып, Ресейге оралған соң Солтүстік кавказ аумағындағы астыртын қылмыстық ұйымдарға қосылып кетіп жатыр. Олардың ұйымдарға жаңа мүшелерді тарту мен жасақтауға және жаңа ұяшықтар құруға, террористік актілерді ұйымдастыру мен орындауға қатыстылық деңгейі жоғары болуы мүмкін", - деп түсіндірді Рогачев. Сонымен қатар, ол ДАИШ (Қазақстанда тыйым салынған) ұйымының ақпараттық кеңістіктегі идеологиялық шабуылдары да қауіпті екенін қоса айтты. "Олар өте епті және тапқырлықпен жұыс істеп жатыр, кез келген наразылықты өршітіп жібереді. Интернет пен әлеуметтік желілер әлеуетті террористерді тартудың арнасына айналды. Мұндайға көбіне алған ақпаратты өздігінше қорыта алмайтын жас адамдар жақын болады. Бұл уақыты шегерулі мина, болашағымызды жоятын мина", - дейді ресейлік шенеунік.