Алматылық «Қайрат» клубы 2022 жылды жеңіліспен бастады

Алматылық «Қайрат» клубы 2022 жылды жеңіліспен бастады

Алматылық «Қайрат» клубы 2022 жылды жеңіліспен бастады
ашық дереккөзі
Еліміздегі үздік футбол клубтарының бірі – «Қайрат» Түркиядағы маусым алдындағы кездесуде босниялық «Борацуға» жол берді, деп жазды turkystan.kz. Оқу-жаттығу жиыны барысындағы бұл ойын «Борацудың» пайдасына 2:1 есебімен аяқталды. Отандық клуб өкілдері тек бір рет мергендік танытты. 86-минутта алматылықтар сапындағы Иран шабуылшысы Ария Барзегар гол соқты. Енді «Қайрат» 12 ақпанда өзбекстандық «Новбахормен» кездеседі.