Головкинмен биыл жұдырықтасуға келіскен Альварестің гонорары да айтылды
Сауль «Канело» Альварестің гонорары және Геннадий Головкинмен жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды, деп хабарлады turkystan.kz Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
Сайт мәліметінше, мексикалық боксшы 2022 жылы DAZN қызметінде құны 85 миллион доллардан асатын 2 жекпе-жек өткізбек. Қазір олар мәміле жасасып жатыр. Бұл деректерге сүйенсек, дереккөз «күрделі схема» деп атаған «Канелоның» жоспары мынадай:
7 мамыр – «Канелоның» жартылай ауыр салмаққа ауысуы және WBA белбеуінің иегері Дмитрий Биволмен жекпе-жегі;
17 қыркүйекте Альварес супер орта салмаққа оралып, Геннадий Головкинмен үшінші жекпе-жегінде 4 белбеуді де қорғайды.
«Дереккөз мәліметінше, келісімге әлі қол қойылған жоқ. Бірақ келіссөздер аяқталуға жақын» делінген хабарламада.