Ресейді алтын медальдан айырған спортшы жарыстардан шеттетілді

Ресейді алтын медальдан айырған спортшы жарыстардан шеттетілді

Ресейді алтын медальдан айырған спортшы жарыстардан шеттетілді
ашық дереккөзі
Командалық сайыста 1-орын алған ресейлік мәнерлеп сырғанаушы Камила Валиева жарыстардан шеттетіліп, жекелей сындағы бәсекеге қатыспайтын болды, деп жазды turkystan.kz Vesti.kz-ке сілтеме жасап. Еске сала кетсек, құрамында Камила Валиева бар Ресей құрамасы командалық есепте Олимпиаданың алтынын жеңген болатын. Ал АҚШ құрамасы екінші, Жапония құрамасы үшінші орынға жайғасты. Дереккөздің ақпараты бойынша, Камила Валиева 15-17 ақпанда өтетін жекелей сындағы сайысқа қатысуы керектұғын. Бір қызығы, ресейлік спортшы қолданған препарат спорттық нәтижеге еш әсер етпейді. Ол тек кардиологиялық проблемалардың алдын алу үшін қолданылады екен. Ал спортшының үлкен жарыстардан нақты қанша уақытқа шеттетілетіні Олимпиада ойындарынан кейін белгілі болады. Еске сала кетсек, дәл осындай жағдай осыдан 4 жыл бұрын керлингтен және бобслейден ресейлік спортшылар Александр Крушельницки мен Надежда Сергеевамен болған еді.