Қарағандылық шаруаның 20 жыл еңбек еткен жерін әкімдік тартып алмақ

Қарағандылық шаруаның 20 жыл еңбек еткен жерін әкімдік тартып алмақ

Қарағандылық шаруаның 20 жыл еңбек еткен жерін әкімдік тартып алмақ
ашық дереккөзі
Қарағанды облысында Юрий Шайдулин 20 жыл еңбек еткен жерінен айырылып қалуы мүмкін екенін айтады. Әкімдіктегілер жердің 70 пайызы өз мақсатында қолданылмады деп, жалға беру жөніндегі келісімді бұзған, деп хабарлады turkystan.kz 31 арнаға сілтеме жасап.  Негізінен, Сарепта ауылының тұрғыны Юрий Шайдулин 400 гектар жерге арналған тұмқым дайындап қойған. Енді оларды сату керек дейді. Себебі қараша айында оған сотқа шақырту келген. Анықталғандай, әкімдік жер өз мақсатында қолданылмағандықтан, келісімді бір жақты негізде бұзбақшы екен.
«Бірде-бір тексеріс болған жоқ. Шенеуніктер көп, бірақ ешкімге керек емес. Биыл құрғақшылық болды, бидай 8 центнер берді. Жауын жауған жоқ», - дейді шаруа.
Өткен жылы Шайдулин егіс алқабынан 150 тоннадан астам астық алған. Жүздеген шаруа малдарына жем сатып алыпты. Бұл кезде ол 800 гектар егін еккен екен, ал 150 гектар жерді келесі жылға дайындаған. Сонымен қатар, көрші шаруашылықпен бірге әрекет ету жөнінде келісім жасасқан. Көршісі өзінің өрісінде Юрий Шайдулиннің малын бірге бағып берген. Алайда аудандық әкімдік те, сот та оны дәлел ретінде қарастырмаған.
«Бұл жер иесінің малы бірыңғай мал базасында тіркелмеген. Өкінішке қарай, жер телімінде пішен шабу жерді игеру болып табылмайды. Барлығы ресми дереккөздерінде көрсетілуі қажет», - деді Абай ауданы әкімінің орынбасары Саят Мусин.
Ғарыштан түсірілген суреттер Юрий Шайдулиннің жердің тек 30 пайызын игергенін көрсеткен. Алайда шаруа қыста мұның қате дерек екенін дәлелдей алмаймын дейді. Ал өзге шаруалар Шайдулиннің шаруашылығы тиімді екенін айтып отыр.
«Астық сатып аламыз. Жем беріп отырған соң бізге көбірек астық қажет. Жеңілдік жасайды. Кейде қарызға да береді», - дейді Қоянды ауылының шаруасы Жангүл Әліпбекова.
Ал Самарқа ауылының шаруасы Ислам Асқаров одан 5 жыл бойы астық пен шөп сатып алып келгенін жеткізді. Биыл да нарықтағыдан арзан бағамен 50 тоннадай астық, 3 мың түк шөп алған. Бірақ әкімдіктегілер ауданда әр алтыншы шаруаның жері дұрыс игерілмегені үшін қайтарып алынғанын мәлімдеді. Енді Юрий Шайдулин облыстық сотқа аппеляциялық арыз жазбақ.