Алаяқтар аңқау қызылордалықты қарызға белшесінен батырған

Алаяқтар аңқау қызылордалықты қарызға белшесінен батырған

Алаяқтар аңқау қызылордалықты қарызға белшесінен батырған
ашық дереккөзі
Қызылорда қаласының полицейлері мобильді қосымша арқылы несие рәсімдеген алаяқтарды ұстады, деп жазды turkystan.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. Қалалық Полиция басқармасының кезекші бөліміне қала тұрғыны қоңырау шалып, алаяқтардың құрбаны болғанын хабарлаған. Арызданушының айтуынша, белгісіз бір әйелдер телефонындағы мобильді қосымша арқылы 1 миллион теңге несие рәсімдеп алған. Алаяқтарды ұстау мақсатында полиция қызметкерлері барлық қажетті жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді. Нәтижесінде облыс тұрғындары ұсталды. Қазір аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексі 190-бабының 2-бөлігі, 1-тармағы («Алаяқтық») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Күдіктілерге қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы қолданылды.