Алаяқтар аңқау қызылордалықты қарызға белшесінен батырған
Алаяқтар аңқау қызылордалықты қарызға белшесінен батырған
Қызылорда қаласының полицейлері мобильді қосымша арқылы несие рәсімдеген алаяқтарды ұстады, деп жазды turkystan.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Қалалық Полиция басқармасының кезекші бөліміне қала тұрғыны қоңырау шалып, алаяқтардың құрбаны болғанын хабарлаған. Арызданушының айтуынша, белгісіз бір әйелдер телефонындағы мобильді қосымша арқылы 1 миллион теңге несие рәсімдеп алған. Алаяқтарды ұстау мақсатында полиция қызметкерлері барлық қажетті жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді. Нәтижесінде облыс тұрғындары ұсталды.
Қазір аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексі 190-бабының 2-бөлігі, 1-тармағы («Алаяқтық») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Күдіктілерге қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы қолданылды.