Жаңалықтар

5 жасар қыз АҚШ шекарасын өз бетінше кесіп өтуге тырысқан

ашық дереккөзі

5 жасар қыз АҚШ шекарасын өз бетінше кесіп өтуге тырысқан

Техас шататының Дель-Рио секторындағы шекара патрулінің агенттері елге өз бетінше заңсыз кірмек болған 5 жасар гватемалалық қызды ұстады, деп жазды turkystan.kz Townhall-ға сілтеме жасап. Порталдың хабарлауынша, қыз АҚШ пен Мексика шекарасы маңындағы қауіпті Рио-Гранде алқабын өз бетінше кесіп өткені анықталған. Бас патрульдік агент Джейсон Оунс кейінірек Гондурастан тағы үш бала табылғанын хабарлады. «Бұл жолы үш бала табылды. Олардың ең кішісі 5 жасар болса, ең үлкені 16 жаста», - деді Джейсон Оунс. АҚШ заңдарына сәйкес шекарада жалғаз табылған бұл кішкентай балалар елден шығарылмайды. Олар қоғамдық денсаулықты қорғау туралы ережелерге сәйкес, бұл елдің денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру қызметінің қамқорлығына ауыстырылады. Сондықтан болар, ата-аналар өз балаларын шекара маңында қасақана қалдырып кетуді әдетке айналдырған. Былтыр АҚШ пен Мексика елдері арасындағы шекарада 1,7 миллион мигрант ұсталған болатын. Бұл - ел тарихындағы ең үлкен көрсеткіш.