Владимир Жириновский ауруханаға түсті
Владимир Жириновский ауруханаға түсті
ЛДПР партиясының жетекшісі Владимир Жириновский Орталық клиникалық ауруханада жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.
Оған COVID-19 диагнозы қойылғанына байланысты барлық қажетті медициналық көмек көрсетілуде.
«Саясаткер Владимир Жириновский 2 ақпанда Орталық клиникалық ауруханаға ковид-омикрон диагнозымен жатқызылды. Қазір оның жағдайы тұрақты. Оған барлық қажетті медициналық көмек көрсетілуде», - деді Ресей Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері.
Бұған дейін 75 жастағы ЛДПР төрағасы және Мемлекеттік Думаның депутаты Владимир Жириновский Мәскеудегі Орталық клиникалық ауруханаға ауыр халде жеткізілгені хабарланған.