Қазақстанның кей өңірінде көктайғақ болады

Қазақстанның кей өңірінде көктайғақ болады

Қазақстанның кей өңірінде көктайғақ болады
ашық дереккөзі
10 ақпанда Қазақстанның басым бөлігінде қар жауып, тұман түседі. Сондай-ақ бірқатар өңірде көктайғақ болуы ықтимал, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен қар жауады, тек республиканың оңтүстігінде жауын-шашынсыз болады. Кей жерлерде көктайғақ, тұман күтіледі, республиканың батысында және оңтүстік-шығысында жел күшейеді», - деп жазылған «Қазгидромет» РМК таратқан хабарламада.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында аздаған бұрқасын соғып, тұман түседі. Кей жерде көктайғақ болады. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл облысының солтүстік-шығысында және таулы аймақтарында тұман болса, түнде облыстың солтүстігінде көктайғақ болуы мүмкін. Күндіз Ақтөбе облысының батысында, солтүстік-батысында баяу бұрқасынмен жел күшейеді, облыстың шығысында тұман түседі. Атыраудың солтүстігінде, Маңғыстаудың солтүстік-батысында, түнде және таңертең Алматы облысының солтүстігінде тұман және көктайғақ болады. Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодардың оңтүстігінде, Шығыс Қазақстанның солтүстігінде, Қызылорданың орталығында, Ақмоланың шығысында, Қарағандының орталығында тұман түсуі ықтимал. Сондай-ақ, Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында және таулы аймақтарында тұман болады.