Жаңалықтар

Колумбияда лай көшкінінен 14 адам қаза тапты

ашық дереккөзі

Колумбияда лай көшкінінен 14 адам қаза тапты

Колумбияның Рисаралда аумағында толассыз жауған жаңбыр салдарынан болған көшкін кезінде 14 адам қаза тауып, 35 адам жарақат алды, деп хабарлайды turkystan.kz. Елдің орталық бөлігіндегі Доскебрадас және Перейра қалаларында болған көшкін салдарынан көшелер мен даңғылдарды лай басты. «14 адам қайтыс болды, 35 адам ауруханаға жатқызылды және бір адам із-түзсіз жоғалды. Әскерилер іздестіру-құтқару жұмыстарына көмектесуде», деп жазылған Колумбияның табиғи апаттар қаупін басқару жөніндегі ұлттық тобы таратқан хабарламада. Перейра қаласының мэрі Карлос Майя биліктің табиғи апат аймақтарындағы адамдарға көмек көрсетуге тырысып жатқанын, қауіпті аймақтан халықты эвакуациялау тоқтамайтынын айтты.