Бейжің Олимпиадасы: Ольга Тихонова жарыстан шеттетілді

Бейжің Олимпиадасы: Ольга Тихонова жарыстан шеттетілді

Бейжің Олимпиадасы: Ольга Тихонова жарыстан шеттетілді
ашық дереккөзі
Бейжің Олимпиадасында шорт-тректен 1000 метрге жүгіруден әйелдер арасындағы іріктеу бәсекелері өтті, деп хабарлайды turkystan.kz ҰОК-ке сілтеме жасап. Бұл бәсекеде Қазақстан атынан Ольга Тихонова сынға түскен болатын. Ол жарыс барысында қарсыласына соқтығысып, құлап қалды. Салдарынан, төрешілер Тихонованы жарыстан шеттетті. Десе де, ол аталған қашықтықты 1 минут 56 секундта жүгіріп өткен. Енді қазақстандық спортшы 16 ақпан күні 1500 метрге жүгіруден сынға түседі.