Павлодарда мұнай-химия зауытының директоры қамауға алынды

Павлодарда мұнай-химия зауытының директоры қамауға алынды

Павлодарда мұнай-химия зауытының директоры қамауға алынды
ашық дереккөзі

Оспанбек Әлсейітовке сеніп тапсырылған мүлікті талан-таражға салды деп айып тағылған, деп хабарлады turkystan.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап. Оспанбек Әлсейітовтің жақындары оған жазықсыз жала жабылғанына сенімді. Оның ұлы тергеушілердің қолында әкесінің кінәлі екенін дәлелдейтін айғақ жоқ екенін, оған қарсы қылмыстық іс ойдан шығарылғанын мәлімдеді. Бұл қызметке 2017 жылдың 22 желтоқсанында тағайындалғанына қарамастан, оны 2018 жылдың 3 қаңтарында қоспаларды жеткізу келісімшартына қол қойған деп айыптап отыр. Ұлының айтуынша, бұл құжаттар Оспанбек Әлсейітов «Қазмұнайгазда» жұмыс істеген кезде қабылданған.

«7 ақпанда әкемді ақша жымқырды деген күдікпен ұстап, ал кеше 8-і күні айғақсыз екі айға қамауға алды. Біз мұндай заңсыздықты бұрын-соңды көрген емеспіз. Біз тағылған айыптың барлық дәлелдерін келтірдік. Бірақ Экономикалық тергеу басқармасының тергеушісі Асылхан Асан оларды елемейді. Менің әкем адал және ол тағылған айыптарды ешқашан істеген емес. Сіздерден барлық қажет шараларды тез арада қабылдап, әкемнің абыройын қалпына келтіруіңізді сұраймын!» -  деді директордың ұлы Сұлтан Оспанбек.
Оқи отырыңыз: Павлодарда медициналық қондырғыларға бөлінген қаржы ұрланды.