Зеленский Путинге тіл тигізген елшіні қызметінен босатты

Зеленский Путинге тіл тигізген елшіні қызметінен босатты

Зеленский Путинге тіл тигізген елшіні қызметінен босатты
ашық дереккөзі
Украина президенті Владимир Зеленский Ресей президенті Владимир Путинді балағаттаған Польшадағы Украина елшісі Андрей Дещицаны қызметінен босатты, деп хабарлады turkystan.kz. Мемлекет басшысы қол қойған тиісті жарлық президенттің сайтында жарияланған. Құжатқа сәйкес, Дещицаның орнына Украина СІМ екінші аумақтық департаментінің бұрынғы директоры Василий Зварич келеді. «Европейска правда» газетінің хабарлауынша, ол бұған дейін ақпараттық саясат департаменті директорының орынбасары қызметін атқарған және Украинаның Польшадағы елшілігінде кеңесші болған. Ал Андрей Дещица 2014 жылы Украина Сыртқы істер министрлігінің басшысы болып тұрған тұста Ресей президенті Владимир Путин жайлы камера алдында әдепсіз сөздер айтқан. Мәскеу дипломаттың әрекетін сынға алып, оның әдептен асқанын айыптаған еді. Сол жылы Дещица Украинаның Польшадағы елшісі болып тағайындалған. Оқи отырыңыз: Украина соты Порошенконың құжаттарын тартып алды.