Әкім орынбасары мұғалімдерді ата-аналардан кешірім сұрауға мәжбүрлеген

Әкім орынбасары мұғалімдерді ата-аналардан кешірім сұрауға мәжбүрлеген

Әкім орынбасары мұғалімдерді ата-аналардан кешірім сұрауға мәжбүрлеген
ашық дереккөзі
Өзбекстанның Әндіжан облысына қарасты Мархамат ауданында мұғалімдер ата-аналардан кешірім сұрады, деп хабарлады turkystan.kz. Бұған ата-аналар қарсы болған. Жиынға әкімнің көмекшісі қатысқан. Мұндай «қойылымды» ұйымдастыруды аудан әкімі тапсырғанға ұқсайды. Kun.uz сайтының хабарлауынша, мектеп түлектерін жоғары оқу орындарына қабылдау көрсеткіші төмен болуына байланысты мұғалімдер осындай жағдайға тап болған. Атап айтқанда, №72 мектеп мұғалімдері ата-аналардан кешірім сұрады.
«4 ақпан күні мектебімізде ата-аналар жиналысы өтті. Оған әкімдік өкілдері де қатысты. Басшылық мұғалімдерге өз деңгейінде жұмыс істемейтінін, көрсеткіштердің төмен екенін айтып, ата-аналарының алдына тұрғызып қойды», - деді куәгерлердің бірі.
Әкімдік өкілдерінің нұсқауымен мектеп директоры мен мұғалімдері ата-аналар алдында тұрып, «біз кінәліміз» деген.
«Бұл қойылымның сценарий авторлары – аудандық халық ағарту бөлімінің меңгерушісі, сонымен қатар, әкім көмекшісі. Мұғалімдердің мұндай әрекетінен кейін кейбір қатысуышлар орнынан түрегеліп, мұғалімдер емес, ата-аналар кешірім сұрауы керек деді», - деп жазылған ақпаратта.
Ата-аналар мұғалімдерді қорғауға тырысқанымен, шара жалғасын тапқан.
«Мұғалімдер көп жұмыс істегеніне қарамастан, осыдан кейін меселдері қайтып қалды. Жас ұстаздар осы мамандықты таңдағандарына өкінді. Ең тәжірибелі мұғалімдердің өзі басын төмен салбыратып тұрды. Мен мектептен кеткім келеді, бірақ басқа мамандығым жоқ», - деп мойындады мұғалімдердің бірі.
Мұндай шаралар Мархамат ауданындағы №9, 27 және 43 орта мектептерде де ұйымдастырылған. Халық білім беру министрлігі жоғарыда аталған оқиғаға қатысты жауап беріп, тиісті шаралар қолданылатынын мәлімдеді.