Ресейлік мәнерлеп сырғанаушылар допинг дауына байланысты алтын медальсіз қалуы мүмкін

Ресейлік мәнерлеп сырғанаушылар допинг дауына байланысты алтын медальсіз қалуы мүмкін

Ресейлік мәнерлеп сырғанаушылар допинг дауына байланысты алтын медальсіз қалуы мүмкін
ашық дереккөзі
Қысқы Олимпиадада мәнерлеп сырғанаудан командалық турнирде ресейлік спортшылар жеңіске жеткен болатын. Алайда, жеңімпаздарды марапаттау рәсімі кейінге шегерілді. Енді оның себебі белгілі болды. Ол – допинг, деп жазды turkystan.kz Inside the Games-ке сілтеме жасап. Бейжіңдегі сайыс ресейлік конькишілер үшін сәтті басталған еді. Алайда, көрші ел бұл алтын медальден айырылуы мүмкін. Белгілі болғандай, спортшылардың бірінің допинг сынамасы оң нәтиже көрсеткен. Халықаралық Олимпиада комитетінің өкілі Марк Адамстың айтуынша, марапаттау рәсімі халықаралық федерациядан заңгерлік кеңес алу қажеттілігіне байланысты кейінге қалдырылған.
«Бұл іске медаль жеңіп алған спортшылар қатысады. Біз мәселені тезірек шешу үшін қолдан келгеннің бәрін жасаудамыз. Мен бұл оқиға туралы ақпарат бере алмаймын. Бүгін біз жаңартылған ақпаратпен бөлісуге тырысамыз», - деді Марк Адамс.
Айта кетсек, марапаттау рәсімі 7 ақпанда өтуі тиіс болған. Бірақ ол 8 ақпанға ауыстырылды. Іс-шараға бірер сағат қалғанда ол тағы кейінге шегерілді. ХОК бұл жағдай Халықаралық конькимен жүгірушілер одағымен заңгерлік кеңес алу қажеттілігімен байланысты екенін айтты.