"Жаңа Жібек жолы-2017" экспедициясы 10 мың шақырым жүріп өтті

"Жаңа Жібек жолы-2017" экспедициясы 10 мың шақырым жүріп өтті

"Жаңа Жібек жолы-2017" экспедициясы 10 мың шақырым жүріп өтті
ашық дереккөзі
Орталық коммуникациялар қызметінде «Жаңа Жібек жолы-2017» халықаралық экспедициясының басталуына арналған баспасөз конференция өтті. Шараға «Жаңа Жібек жолы-2017» жобасының авторы, белгілі поляк репортер-зерттеушісі Япек Палкевич және Польша Республикасының Қазақстандағы елшілігінің үшінші хатшысы Анджей Бобер қатысты. Яцек Палкевич экспедицияның дайындық барысы туралы ақпарат берді.
Оның айтуы бойынша, жобаның негізгі мақсаты ескі континентті бойлай Қытай мен Орталық Азия елдерін алдағы уақытта қосатын экономикалық белдеуді, көліктік-коммуникациялық желілерді құру болып табылады. «Жоба - ең алдымен қоғамдық байланысты, өзара түсіністікті және халықтар арасындағы достықты нығайтуға шақырады. Бүгінгі жаһандық мәнмәтінде көне жол барлық аймақтардағы сауда, мәдениет және саясат саласындағы жоғары әлеуеттің символы болуы мүмкін», - деп атап өтті ол. Экспедиция Қытайдан басталады және Қырғызстан, Өзбекстан, Қазақстан, Ресей және Беларусь аумақтарынан көктей өтеді және Польшада аяқталады. Қатысушылар алпыс күн ішінде он мыңнан аса шақырымды еңсереді деп жоспарлануда. Қазақстан Ұлы Жібек жолы өткен ел бола отырып, елдер арасындағы сауда және мәдениет саласындағы байланыс пен коммуникацияны дамытуда үлкен маңызы бар, - деп атап өтті Палкевич.
Экспедиция уақытында оның қатысушылары Польшаны «Бір белдеу және бір жол» бастамасы жобысының негізгі бөлшегі ретінде, сондай-ақ мәдениетке бай және орасан зор туристік әлеуті бар ел ретінде таныстыратын болады. Халықаралық сарапшылардың бағалауы бойынша жаңа сауда-көліктік дәліз өзі байланыстыратын елдерде үлкен коммуникациялық әлеуетке ие болады. Бұдан басқа, ұйымдастырушылардың жоспары бойынша аталған жоба - Польшаға, польшаның экономикасына, Польшаның жағымды бейнесін насихаттауға, оның туристік құндылығына назар аудартады, сондай-ақ «Бір белдеу және бір жол» бастамасына Польшаның қатысатынына көңіл аудартады. Бұл жоба экспедиция бағытынан шалғай орналасқан елдердің бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жарияланады, телевизиялық репортаждар, фото-көрмелер, сұхбаттар, конференциялар өткізілетін болады. Анықтама: Яцек Палкевич - поляк репортер-зерттеушісі, Орыс географиялық қоғамының мүшесі және Лондондағы Royal Geographical Society Корольдік географиялық қоғамының мүшесі. Жоғалудың аз алдындағы этникалық ұлттар мәдениетінің деректі куәгерлерін қажымай тапқан ол Жер шарының барлық ендіктерінде болған. Ол әлі де болса олардың бар екендігін дәлелдеу үшін және оларды сақтау мақсатында барлық қаражатты пайдалана отырып, адамның қолы тимеген соңғы оазистерді іздеу кезінде адамның қолы жетпейтін орындарға барды.