Жаңалықтар

Әлихан Смайылов «Бәйтерек» АҚ директорлар кеңесінің басшысы болды

ашық дереккөзі

Әлихан Смайылов «Бәйтерек» АҚ директорлар кеңесінің басшысы болды

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ директорларының құрамы жаңарды. Оны Премьер-министр Әлихан Смайылов басқаратын болды, деп жазды turkystan.kz холдингтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ұлттық экономика министрінің бұйрығына сәйкес директорлар кеңесінің құрамы төмендегідей: Әлихан Смайылов – директорлар кеңесінің төрағасы, Премьер-министр; Роман Скляр – директорлар кеңесінің мүшесі, Премьер-министрдің бірінші орынбасары; Тимур Сүлейменов – директорлар кеңесінің мүшесі, Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары; Әлібек Қуантыров – директорлар кеңесінің мүшесі, Ұлттық экономика министрі; Қайырбек Өскенбаев – директорлар кеңесінің мүшесі, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі; Ерұлан Жамаубаев – директорлар кеңесінің мүшесі, Қаржы министрі; Ербол Қарашөкеев – директорлар кеңесінің мүшесі, Ауыл шаруашылығы министрі; Клаус Мангольд – директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор; Томас Миров – директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор; Филип Йео – директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор. Баспасөз қызметінің мәліметінше, «Акционерлік қоғамдар туралы» заңмен және холдинг жарғысы бойынша Ұлттық экономика министрлігі жалғыз акционер және директорлар кеңесі холдинг қызметіне басшылық етеді.