Қазақстан зауыттары тікұшақ пен «Калашников» автоматтарын шығармақ

Қазақстан зауыттары тікұшақ пен «Калашников» автоматтарын шығармақ

Қазақстан зауыттары тікұшақ пен «Калашников» автоматтарын шығармақ
ашық дереккөзі
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі 2022 жылы елдің қорғаныс өнеркәсібінде бірқатар перспективалық жобалар іске асырылатынын мәлімдеді, деп хабарлады turkystan.kz.
«№405 авиажөндеу зауыты» АҚ базасында Ми-171Ш тікұшақтарын құрастыру, «Қазақстандық авиациялық индустрия» ЖШС кәсіпорнында Airbus ұшақтарына қызмет көрсететін сервистік орталық құру; «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ базасында мемлекеттік шекараны қорғаудың техникалық құралдарын өндіру, «Тыныс» АҚ, «Алма МҮ» ЖШС, «Милитарм» ЖШС кәсіпорындарында радиациялық және химиялық қорғау құралдары өндірісін жолға қою жоспарланған», - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, «Семей инжиниринг» АҚ базасында бронетанктік техниканы жаңғырту; «Steelmanufacturing» ЖШС автоматты оқ-дәрілер өндіру, «Қазақстан Парамаунт инжиниринг» ЖШС-інде «Барыс 8х8» сауытты дөңгелекті машиналар өндірісін, «Тыныс» АҚ базасында АК-12 және АК-15 автоматтары өндірісін іске қосу көзделіп отыр.