Қазақстан зауыттары тікұшақ пен «Калашников» автоматтарын шығармақ

9 ақпан, 2022 / Ерік Елеусіз
ашық дереккөзі
Қазақстан зауыттары тікұшақ пен «Калашников» автоматтарын шығармақ Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі 2022 жылы елдің қорғаныс өнеркәсібінде бірқатар перспективалық жобалар іске асырылатынын мәлімдеді, деп хабарлады turkystan.kz.
«№405 авиажөндеу зауыты» АҚ базасында Ми-171Ш тікұшақтарын құрастыру, «Қазақстандық авиациялық индустрия» ЖШС кәсіпорнында Airbus ұшақтарына қызмет көрсететін сервистік орталық құру; «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ базасында мемлекеттік шекараны қорғаудың техникалық құралдарын өндіру, «Тыныс» АҚ, «Алма МҮ» ЖШС, «Милитарм» ЖШС кәсіпорындарында радиациялық және химиялық қорғау құралдары өндірісін жолға қою жоспарланған», - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, «Семей инжиниринг» АҚ базасында бронетанктік техниканы жаңғырту; «Steelmanufacturing» ЖШС автоматты оқ-дәрілер өндіру, «Қазақстан Парамаунт инжиниринг» ЖШС-інде «Барыс 8х8» сауытты дөңгелекті машиналар өндірісін, «Тыныс» АҚ базасында АК-12 және АК-15 автоматтары өндірісін іске қосу көзделіп отыр.