Тоқаевтан зейнеткер әкімдерді қызметінен босатуды сұрайтын петиция жарияланды

Тоқаевтан зейнеткер әкімдерді қызметінен босатуды сұрайтын петиция жарияланды

Тоқаевтан зейнеткер әкімдерді қызметінен босатуды сұрайтын петиция жарияланды
ашық дереккөзі
Бүгін интернетте зейнеткер және зейнет жасына жақындаған облыс әкімдерін қызметтен босатуды талап ететін жаңа петиция пайда болды. Петиция авторы 150 мың қол жинауды жоспарлап отыр, деп жазды turkystan.kz.
«Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ахметов Даниал Кенжетайұлы 67 жасқа келді. Ол 1954 жылы 15 маусымда Павлодар қаласында дүниеге келген. 1976 жылы Павлодар индустриалды институтын бітірген, инженер-құрылысшы. Экономика ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы минералдық ресурстар академиясының академигі. Akimy қосымшасына сәйкес әкімдердің рейтингінде ең соңғы орында тұр. Ал Жамбыл облысының әкімі Сапарбаев Бердібек Машбекұлы - 69 жаста. Ол 1953 жылы 9 ақпанда Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Бесарық ауылында дүниеге келген. 1977 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын «Экономика және материалдық-техникалық жабдықтауды жоспарлау» мамандығы бойынша бітірген. Әкімдердің рейтингінде үшінші орында тұр. Айтпақшы, Бердібек Машбекұлының бүгін туған күні, біз оны құттықтаймыз! Біз петицияға қол қойған зейнеткер әкімдерді қызметінен босатуды талап етеміз!» делінген петицияда.
Қазақстанда өңір әкімдерін Президент тағайындайтыны белгілі. Өткен жылы Қасым-Жомарт Тоқаев аудан әкімінің сайлауын өткізетінін жариялап, алдағы уақытта өңірлік басшыларды сайлау мүмкіндігін қарастыруға уәде берген болатын. Петиция авторының пікірінше, елімізде облыс әкімдерінің өкілеттілік мерзімін заңнамалық деңгейде қатаң белгілеу қажет. Бұл әкімдер жиі ауысатындықтан, олардың атқарған жұмысының тиімділігін бағалау мүмкін емес. Екінші жағынан, әкімдердің бір орнында тым ұзақ отырғаны да дұрыс емес.