ШҚО әкімдігі 6 пәтердің құнына дәретхана сатып алған

ШҚО әкімдігі 6 пәтердің құнына дәретхана сатып алған

ШҚО әкімдігі 6 пәтердің құнына дәретхана сатып алған
ашық дереккөзі
Шығыс Қазақстан облысының әкімдігіне қарасты «ТАЗА Өскемен» мемлекеттік мекемесі өткен жылдың соңында жалпы құны 30 млн 57 мың 600 теңге тұратын 6 модульдік дәретхана сатып алған, деп хабарлады turkystan.kz. Бұл туралы «Әділдік жолы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің директоры Дидар Смағұлов өзінің Facebook-тегі парақшасына жазды.  width= Сонымен, жалпы соманы 6-ға бөлгенде әр дәретхананың құны 5 млн 416 мың 320 теңге болып шығады. Дидар Смағұлов мұндай бағаға Өскемен қаласынан бір бөлмелі пәтер салып алуға болатынын айтады. Оның сөзінше, дәретханаларға унитаз қойылмаған. Тек едендегі тесік сияқты Генуя кесешелері орнатылған. Оның өзі біреу-ақ. Тағы оқи отырыңыз: Рейтинг бойынша Даниал Ахметов «ең нашар әкім» болды
«Сараптама бірнеше орынға шақталған мұндай конструкциялар 2 млн теңге тұратынын көрсетіп отыр. Ал біздің жағдайымызда бір орындық кабиналар сатып алынған. Крыша сайтынан Өскеменнен 1 бөлмелі жақсы пәтерді 5 жарым миллионға табуға болатынын ескерсек, бұл сатып алу нағыз мазақ болып тұр», - дейді «Әділдік жолы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің директоры.