Валюта айырбастау пунктінің иесі қайтыс болғаннан кейін қылмыскер деп танылды

Валюта айырбастау пунктінің иесі қайтыс болғаннан кейін қылмыскер деп танылды

Валюта айырбастау пунктінің иесі қайтыс болғаннан кейін қылмыскер деп танылды
ашық дереккөзі
Қарағандыда 2020 жылы қайтыс болған валюта айырбастау пунктінің құрылтайшысы мен оның әпкесіне қатысты қылмыстық іс қаралды. Сотталушылар клиенттерінің 190 миллион теңгесін жымқырды деп айыпталды, деп жазды turkystan.kz. Тергеу мәліметтері бойынша, 2016-2020 жылдары аралығында сотталушылар 22 клиенттен ақша алып, оны жақсы сыйақымен қайтаруға уәде берген. Бірақ белгіленген мерзім аяқталғаннан кейін жәбірленушілер қаржыларын қайтара алмайды.
«Сот үкімімен сотталушылар ҚР ҚК-нің 190-бабы, 4-бөлігінің 2-тармағы («Алаяқтық, алдау және сенімге қиянат жасау жолымен бөтеннің мүлкін ұрлау, адамдар тобында алдын ала сөз байласу бойынша бірнеше рет, ірі және аса ірі мөлшерде жасалған») бойынша кінәлі деп танылды. Марқұмның қайтыс болуына байланысты бұл іс тоқтатылды. Ал оның әпкесіне 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жаза тағайындау кезінде кінәні жеңілдететін және ауырлататын жағдайлар анықталған жоқ. Іс бойынша келтірілген шығын өтелмеген. Үкім шығару кезінде айыпталушының 60 жасқа толғаны ескеріліп, сот ең төменгі жазаны, яғни 5 жылға бас бостандығынан айыруды тағайындады», - деп хабарлады Қазыбек би аудандық сотытының баспасөз қызметі.
Әдетте қылмыстық іс жүргізу заңына сәйкес, күдікті қайтыс болған жағдайда сот істі тоқтатады. Алайда,  қайтыс болған адамның жақын туыстары кінәсін мойындамаған жағдайда, іс сотқа жіберіледі. Сондықтан сот марқұмға қатысты істі қарауға мәжбүр болған. Дегенмен сотталған азаматша өз кінәсін мойындаған жоқ. Марқұмның туыстары да оның кінәсіздігіне сенімді және алдағы уақытта сот шешіміне аппеляция бермек.