Қосшы қаласының соты құрылып, судьялары тағайындалды

Қосшы қаласының соты құрылып, судьялары тағайындалды

Қосшы қаласының соты құрылып, судьялары тағайындалды
ашық дереккөзі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысы Қосшы қаласының сот органын құру туралы Жарлыққа қол қойды, деп жазды turkystan.kz. Қосшы қалалық сотының судьясы қызметіне Динара Мерзадинова мен Мұрат Қалмырзаев тағайындалды. Жаңа қызметке тағайындалуына байланысты Динара Мерзадинова Целиноград ауданы сотының, ал Мұрат Қалмырзаев Бұланды ауданы сотының судьясы қызметінен босатылды. Айта кетсек, Нұр-Сұлтан қаласының іргесінде орналасқан Қосшы ауылы 2021 жылдың жазында облыстық маңызы бар қала статусына ие болған еді. Қазір бұл қала халқының саны 50 мыңнан асады.