Ереже бұзып, жұртты балағаттаған «Яндекс.Такси» жүргізушісі жазаланды (ВИДЕО)

Ереже бұзып, жұртты балағаттаған «Яндекс.Такси» жүргізушісі жазаланды (ВИДЕО)

Ереже бұзып, жұртты балағаттаған «Яндекс.Такси» жүргізушісі жазаланды (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Әлеуметтік желілерде таралған видеода жол қозғалысы ережесін бұзған «Яндекс.Такси» жүргізушісі ескерту жасаған тұрғынға дөрекі жауап берген. Бұл туралы Instagram-да Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов хабарлады, деп жазды turkystan.kz. Құқық қорғау органдарының назарын аударған роликті алматылықтардың бірі түсірген. Видеодан таксидің аялдама алдында тұрғанын көруге болады. Тұрғындардың көлікті қоғамдық көлік жолынан алып тастау туралы ескертуіне жүргізуші дөрекі жауап берген.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Рустам Абдрахманов (@rustam.abdrakhmanov_)

Бұл видеоны тексеру Алматы қалалық ПД патрульдік полиция полкінің қызметкерлеріне тапсырылған. Құқық бұзушы анықталды. Ол 1977 жылы туған Ш. есімді азамат болып шықты.
«Азамат Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодекстің 597-бабының 1-бөлімінде көзделген әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны («Көлік құралдарын тоқтату немесе тоқтап тұру ережелерін бұзғаны») үшін жауапкершілікке тартылды. Электрондық хаттама: 08.02.2022 жылғы 227585230000887», - деп хабарлады Алматы қаласы ПД бастығының орынбасары.
«Яндекс Go» компаниясы өкілдерінің айтуынша, бұл оқиғадан кейін жүргізушінің бағдарламадағы аккаунты бірден бұғатталған. Енді ол Яндекс Go тапсырыстарын орындай алмайды.