Елордада 130 миллион теңгенің биткоинын ұрлаған күдікті ұсталды

Елордада 130 миллион теңгенің биткоинын ұрлаған күдікті ұсталды

Елордада 130 миллион теңгенің биткоинын ұрлаған күдікті ұсталды
ашық дереккөзі
Полиция қызметкерлері крипто қылмыс жасап, биткоиндарды қолды қылған Нұр-Сұлтан қаласының тұрғынын құрықтады, деп жазды turkystan.kz «Хабар-24» телеарнасына сілтеме жасап. Күдікті алаяқтық жолмен мегаполис тұрғынының онлайн-биржадағы электрон әмиянына қол жеткізген. Сөйтіп, 3 ай бойы жасырын түрде ақшаны өзінің есепшотына аударып отырған. Қазір күдікті тергеу изоляторында отыр. Ол 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылып, мүлкі тәркіленуі мүмкін. Полиция қызметкерінің айтуынша, соңғы 3 жылда онлайн-биржада криптовалютаға байланысты алаяқтық дерегі 10 есе өскен. Ал залал сомасы жүздеген миллион теңгеге дейін жеткен.