Нәрестенің ұл емес, қыз екені «Nur Otan»-ның арқасында дәлелденді

Нәрестенің ұл емес, қыз екені «Nur Otan»-ның арқасында дәлелденді

Нәрестенің ұл емес, қыз екені «Nur Otan»-ның арқасында дәлелденді
ашық дереккөзі
Алматылық келіншек босанған қызының «ұл» емес екенін айлар бойы дәлелдей алмадым дейді. Себебі сәбидің құжатын перзентханадағылар дұрыс толтырмаған. Соған байланысты баланың туу туралы куәлігі де қате жазылған. Ал оны түзету үшін біраз жердің табалдырығын тоздырыпты, деп хабарлады turkystan.kz. Сонымен, келіншек мәселені «Nur Otan» партиясының көмегімен ғана шешкен. «Біздің хабарласпаған жеріміз қалған жоқ. №3 роддом, Денсаулық сақтау басқармасы, Алматы қалылық әкімдігі... «Nur Otan»-ға хабарласқанда, осы кісілер 10 күн ішінде бітіріп берді жұмысымызды», - дейді Мақпал Нұрлан. Ал партия филиалы қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі Әбілқадыр Әбілқайыров өздерінің қалалық мәслихат депутаты Әсия Айқанқызымен бірлесіп, Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық базасындағы қателікті түзеуге атсалысқандарын жеткізді. Осылайша, қыздың анасы жаңа туу туралы куәлікті қолына алып отыр.