Жаңалықтар

Алматыда жүргізуші мас адамды арыққа лақтырып жіберді (ВИДЕО)

ашық дереккөзі

Алматыда жүргізуші мас адамды арыққа лақтырып жіберді (ВИДЕО)

Алматылық азамат жолдың ортасында тұрып, көлік жүргізушілеріне кедергі келтірген мас адамды арыққа лақтырып жіберді, деп хабарлады turkystan.kz. Мас жаяу жүргінші туралы мәлімет қалалық Полиция департаментіне 8 ақпанда сағат 17:15-те келіп түсті. Анықталғандай, 28 жастағы алматылық орташа дәрежеде мас халде болған. «Апатты жағдай туғызғаны үшін (ӘҚБтК-нің 615-бабы) және қоғамдық орында мас күйінде жүргені үшін (ӘҚБтК-нің 440-бабы) П. деген азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, ер адамды тас жолдан көтеріп алып, арыққа лақтырған шетелдік көлік жүргізушісінің жеке басы анықталып жатыр. Оның іс-әрекеттеріне құқықтық баға беріледі. Айта кетейік, зардап шеккен азамат медициналық көмекке жүгінген жоқ», - деді Бостандық аудандық полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Думан Аухадиев.