Жаңалықтар

Алдағы үш тәулікте суықтың беті қайтады

ашық дереккөзі

Алдағы үш тәулікте суықтың беті қайтады

«Қазгидромет» РМК 2016 жылғы 22-24 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады. «Қазақстандағы суық ауа райына себеп болған күшті антициклон жылы және ылғалды Атлант ауасының қысымымен бұзыла бастайды. Алдағы үш тәулікте республиканың батыс, солтүстік және орталық облыстарында температура көтеріледі және қар, боран, батыс желі болады деп күтілуде», - деп хабарлады Қазгидромет. Синоптиктердің болжауынша, оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыста антициклон ықпалымен жауын-шашынсыз суық ауа райы сақталады. 24 қараша күні шығыс аудандарда аяз бәсеңсиді.