«Докторанттардың көбі техникалық салада докторлығын қорғай алмайды» – ғалым

«Докторанттардың көбі техникалық салада докторлығын қорғай алмайды» – ғалым

«Докторанттардың көбі техникалық салада докторлығын қорғай алмайды» – ғалым
ашық дереккөзі
Бұл туралы физика-математика ғы­лым­­­дарының докторы Әбдімәулен Бердішев Egemen Qazaqstan басылымына берген сұхбатында айтты, деп хабарлады turkystan.kz.
«Түлектерімнің 10 пайызы, әрі кетсе 15 пайызы ғана жоғары білімін магистратура мен докторантурада жалғастырады. Әсіресе докторантураны бітіргендердің көбі техникалық салада докторлығын қорғай алмайды. Өйткені олардың ғылыммен айналысуы үшін тағы сол зертхана керек. Ал түлектердің қалған пайызы жоғары білімімен өз мамандығы бойынша жұмыс істейін десе, жалақы мардымсыз, одан өндірістегі құралдары мен техникалары тозған. Санаулы өндіріс орындары бар, бірақ онда отандық инженерлерді жұмысқа алғысы келмейді. Шет елден жұмыс күшін тартуға құмар. Мұны көрген өзіміздің қарадомалақтар шетке кетеді. Жоғарыда ауызға алған «Болашақ» бағдарламасының түлектері де Қазақстанда шартты еңбек өтілін өтеп болғаннан кейін шет елге кетіп қалады», - дейді Ә.Бердішев.
Оқи отырыңыз: Квота аясында грантқа түсетін қандастар саны азайып барады.