Жаңалықтар

БҚО-да 7 жасар бала құдыққа құлап кетті (ВИДЕО)

ашық дереккөзі

БҚО-да 7 жасар бала құдыққа құлап кетті (ВИДЕО)

Батыс Қазақстанда тереңдігі төрт метр құдыққа бала құлап кеткен, деп хабарлады turkystan.kz. Оқиға бүгін, 8 ақпанда Теректі ауданы Подстепное ауылындағы Лесная көшесінің бойында болған. БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сағат 13:38-де көрсетілген мекенжайдағы септикке баланың құлап кеткені туралы ақпарат келіп түскен. Құтқарушыларды баланың туысы шақырған. «Мой ГОРОД» сайтында жеті жастағы баланың жаңадан салынып жатқан үйдің ауласында ойнап жүріп, септикке құлағаны туралы жазылған. Қуанышқа орай, құдықтың іші бос болып шыққан. Мамандар баланы құдықтан шығарып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды. БҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі баланың облыстық балалар ауруханасының травматология бөлімінде жатқанын хабарлады. «Оған жабық бассүйек-ми жарақаты, бас миының контузиясы, қабырға асты сүйегінің сызықты сынуы диагнозы қойылды», - деп түсіндірді облыстық Денсаулық сақтау басқармасындағылар. Дәрігерлер баланың жағдайын ауыр деп бағалап отыр.