Ескерткішке қойылған гүлді өртеп жіберген адам іздестірілуде

Ескерткішке қойылған гүлді өртеп жіберген адам іздестірілуде

Ескерткішке қойылған гүлді өртеп жіберген адам іздестірілуде
ашық дереккөзі
Бұл жайында Павлодар қаласының әкімі Асайын Байханов Іnstagram-дағы парақшасында жариялады, деп хабарлады turkystan.kz.
- Бүгін түскі сағат 12:00-де қалада құқықбұзушылық тіркелді. Бітімгерлер саябағында, Назарбаев - Жаяу Мұса көшелерінің қиылысында тәжік-ауған соғысынан әскерлердің шығарылуына арналған ескерткіштің жанына қойылған гүл шоғырын әлдебіреудің өртеп жібергені анықталды, - деп жазды Асайын Байханов.
Қазір Павлодар қалалық Полиция басқармасы оқиғаға қатысы бар адамдарды анықтау үшін жедел іс-шаралар жүргізіп жатыр.