Павлодарда балабақша тәрбиешісі жалаңаш баланы салқын бөлмеге қамап қойған

Павлодарда балабақша тәрбиешісі жалаңаш баланы салқын бөлмеге қамап қойған

Павлодарда балабақша тәрбиешісі жалаңаш баланы салқын бөлмеге қамап қойған
ашық дереккөзі
Павлодардағы балабақшалардың бірінде тәрбиеші жалаңаш баланы 40 минут салқын бөлмеге қамап қойған. Оны кішкентай қыздың ата-анасы балабақшада орнатылған бейнекамералардағы жазбадан көрген, деп хабарлады turkystan.kz orda.kz-ке сілтеме жасап. Ата-аналар шағымдарын Instagram-ға жариялады. Видеодан балабақша қызметкерінің жалаңаш баланы ойын бөлмесіне апарып, есікті жауып, өзі тамақ ішуге отырғанын көруге болады.
«3 ақпанда менің қызым 1 жас 10 айлық кезінде салқын бөлмеде 42 минут бойы жалаңаш, іш киімсіз қамауда отырған. Қызметкерлер баланы қамап қойып, тамақ ішуге кетті. Балабақша иесі тәрбиеші мен күтушінің мінез-құлқын түсіндіре алмады», - дейді баланың анасы.
Сондай-ақ ол жақында балабақшада балалардың уланғанын, содан кейін ата-аналар бақылау камераларынан бейнежазба сұрағанын айтты. Ал жекеменшік балабақша директоры Елена Данковская сот процесі жүріп жатқанын жеткізді.
«Видеода барлығы айтылған, шара қолданылды. Тәрбиеші мен күтуші шағымнан кейін бірден жұмыстан шығарылды», - деді Елена Данковская.
Павлодар қаласының білім бөлімі де оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр екен.
«Арыз 7 ақпан күні кешке түскен. Балабақша жекеменшік. Дәл осындай арыз қалалық прокуратурада да бар. Құрылтайшыға хабарланды. Бұл факті бойынша іс жүргізілуде. Жағдайды зерделеу мақсатында мекеме қызметкерлері балабақшаға барады», - деп түсіндірді Павлодар қаласының білім бөлімі.