Президент «Алтын орда» базарының майшелпекке айналғанын айтты

Президент «Алтын орда» базарының майшелпекке айналғанын айтты

Президент «Алтын орда» базарының майшелпекке айналғанын айтты
ашық дереккөзі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы «Алтын орда» базарын тәртіпке келтіру жұмысын жүргізу керектігін ескертті, деп хабарлады turkystan.kz.

«Сауда-саттықта делдалдыққа тоқтау салатын кез келді. Мысалы, 3 миллион адам тұратын Алматы қаласы мен оның төңірегіндегі елді мекен тұрғындары тұтыну тауарларын көбіне «Алтын орда» базарынан алады. Алматы облысы мен Алматы қаласының әкімдеріне Үкіметпен бірлесіп, базарда тәртіп орнатуды тапсырамын. Бұл жер пайдакүнемдер үшін нағыз майшелпекке айналған», - деді Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Президент басқа аймақтардағы базарларды да делдалдардан тазарту қажеттігін алға тартты.

«Қажет болса, бұл жұмысқа құқық қорғау органдары атсалыссын. Екі ай уақыт беремін», - деді ол.