ҰҚК әкімшілік ғимараттарға шабуыл жасаған бір топ күдіктіні ұстады

ҰҚК әкімшілік ғимараттарға шабуыл жасаған бір топ күдіктіні ұстады

ҰҚК әкімшілік ғимараттарға шабуыл жасаған бір топ күдіктіні ұстады
ашық дереккөзі
Алматы қаласында 7 ақпанда жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында мемлекеттік органдардың әкімшілік ғимараттарына шабуыл жасады деген күдікпен бір топ адам ұсталды, деп жазды turkystan.kz. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Күдіктілерді тінту барысында «Калашников» автоматы мен оның 158 оқ-дәрісі, танкіге қарсы қол граната атқышы мен 3 снаряд, 2 граната, шолақ аңшы мылтығы және электрошокер тәркіленді», - делінген комитеттің хабарламасында.
Ұсталғандардың бірі бұрын адам өлтіргені, қарақшылық және ұрлық жасағаны үшін сотталған. Тергеу және жедел іс-шаралар жалғасып жатыр.