Ұлттық банк биыл цифрлық теңгені енгізу бойынша шешім шығарады

Ұлттық банк биыл цифрлық теңгені енгізу бойынша шешім шығарады

Ұлттық банк биыл цифрлық теңгені енгізу бойынша шешім шығарады
ашық дереккөзі
Биыл Ұлттық банк пайда мен шығынды есептеп, цифрлық теңгені енгізу бойынша соңғы шешімді қабылдайды. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов хабарлады, деп жазды turkystan.kz. Оның айтуынша, өткен жылы Ұлттық Банк цифрлық теңгені енгізу үшін пилоттық жобаны іске қосқан.
«2021 жылғы қараша айында арнайы жедел төлемдер жүйесі пилоттық режимде іске қосылды. Соған орай, ұлттық төлем жүйесінің жұмыс істеуі үшін қажетті нормативтік-құқықтық база әзірленді. Бүгінде платформаның прототипін әзірлеу аяқталды. Ал биылғы 1 шілдеге қарай оны толық іске қосуды жоспарлап отырмыз», - деді Ғалымжан Пірматов.
Айта кетсек, былтырғы желтоқсан айында пилоттық жобаның нәтижелері бойынша қорытынды баяндама жарияланған болатын.