Сенатордың «ауылда бала туу күрт төмендеп кетті» дегені – орынсыз

Сенатордың «ауылда бала туу күрт төмендеп кетті» дегені – орынсыз

Сенатордың «ауылда бала туу күрт төмендеп кетті» дегені – орынсыз
ашық дереккөзі
Сенатор Ақылбек Күрішбаев Премьер-министр Әлихан Смайыловқа жолдаған депутаттық сауалында ауылда бала туу көрсеткіші күрт төмендеп кеткенін мәлімдеді. «Бәріміз «Ауыл – Ел бесігі» деп айтуды жақсы көреміз. Қазақстанда қашанда бала туу көрсеткіші қалалық жерлерге қарағанда ауылда әрдайым жоғары болатын. Бірақ соңғы 7 жылда бұл көрсеткіш күрт төмендеп кетті», – деді Ақылбек Күрішбаев. Біз осы деректі тексеріп көрдік. Алдымен Ұлттық статистика бюросының 2014-2020 жылдар аралығындағы ауыл мен қала халқының санын салыстырсақ, қала халқы көп. Сондықтан, әлбетте, қалада туу көрсеткіші жоғары болатыны - заңдылық.
Жылдар   Қала халқы Ауыл халқы
2014 9 433 575 7 727 280
2015 9 837 025 7 578 690
2016 10 035 577 7 634 319
2017 10 331 492 7 586 722
2018 10 509 796 7 647 541
2019 10 698 208 7 697 359
2020 10 938 652 7 693 127
Ұлттық статистика бюросының 2021 жылдың қаңтар-тамызындағы Қазақстандағы демографиялық ахуал туралы жаңа дерегінде «2021 жылы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстан халқының саны 19 миллион 42,1 мың адам, оның ішінде қала халқы – 11 миллион 287,4 мың (59,3 пайыз), ауыл халқы – 7 миллион 754,7 мың адам (40,7 пайыз)» деп көрсетілген. Осы жылдары статистика бойынша ауыл мен қала халқы арасында 1000 адамға шаққанда жалпы туу коэффициенті бойынша қалада туу көрсеткіші жоғары. Мысалы, 2020 жылы қалада туу коэффициенті – 21,04, ауылда 18,23 болған. Бұл жерде сенатордың «күрт төмендеп кетті» дегені - орынсыз.
Жылдар Қалада туғандар (бала саны) Ауылда туғандар (бала саны)
2014 222 821 176 488
2015 225 808 172 650
2016 229 731 170 963
2017 226 847 163 415
2018 235 014 162 785
2019 239 496 162 814
2020 249 627 177 197
Соңғы жеті жыл 1 629 344 1 186 312
 width= Осы дерекке тағы бір мысал, төменде ауыл мен қаладағы балалар санының өсу қарқыны көрсетілген. Суреттен көріп отырғандарыңыздай, 2014-2021 жылдар аралығында ауылда туған балалардың көрсеткіші аз. Ал қалада бұл көрсеткіш жоғары.  width=  Үкім: шындыққа жақын және манипуляция Сенатор депутаттық сауалында: «Жылдан-жылға ауыл халқының қалаларға көшуі ұлғаюда. Тек 2019-2020 жылдары ауылдан қалаға 880 мың адам қоныс аударған», – деген болатын. Өкінішке қарай, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне қарасты Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің ресми сайтынан 2019-2020 жылдары ауылдан қалаға қоныс аударғандар туралы нақты мәлімет табылмады. Ұлттық статистика бюросы «Демографиялық статистика» бөлімінің деректері бойынша, 2019 жылы ауылдан қалаға – 275 061, ал 2020 жылы – 219 507 адам қоныс аударыпты. Демек, барлығы – 494 568 адам. Үкім: фейк

 Шапағат СЕРДӘЛІ