Жаңалықтар

Сенатордың «ауылда бала туу күрт төмендеп кетті» дегені – орынсыз

ашық дереккөзі

Сенатордың «ауылда бала туу күрт төмендеп кетті» дегені – орынсыз

Сенатор Ақылбек Күрішбаев Премьер-министр Әлихан Смайыловқа жолдаған депутаттық сауалында ауылда бала туу көрсеткіші күрт төмендеп кеткенін мәлімдеді. «Бәріміз «Ауыл – Ел бесігі» деп айтуды жақсы көреміз. Қазақстанда қашанда бала туу көрсеткіші қалалық жерлерге қарағанда ауылда әрдайым жоғары болатын. Бірақ соңғы 7 жылда бұл көрсеткіш күрт төмендеп кетті», – деді Ақылбек Күрішбаев. Біз осы деректі тексеріп көрдік. Алдымен Ұлттық статистика бюросының 2014-2020 жылдар аралығындағы ауыл мен қала халқының санын салыстырсақ, қала халқы көп. Сондықтан, әлбетте, қалада туу көрсеткіші жоғары болатыны - заңдылық. Жылдар   Қала халқы Ауыл халқы 2014 9 433 575 7 727 280 2015 9 837 025 7 578 690 2016 10 035 577 7 634 319 2017 10 331 492 7 586 722 2018 10 509 796 7 647 541 2019 10 698 208 7 697 359 2020 10 938 652 7 693 127 Ұлттық статистика бюросының 2021 жылдың қаңтар-тамызындағы Қазақстандағы демографиялық ахуал туралы жаңа дерегінде «2021 жылы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстан халқының саны 19 миллион 42,1 мың адам, оның ішінде қала халқы – 11 миллион 287,4 мың (59,3 пайыз), ауыл халқы – 7 миллион 754,7 мың адам (40,7 пайыз)» деп көрсетілген. Осы жылдары статистика бойынша ауыл мен қала халқы арасында 1000 адамға шаққанда жалпы туу коэффициенті бойынша қалада туу көрсеткіші жоғары. Мысалы, 2020 жылы қалада туу коэффициенті – 21,04, ауылда 18,23 болған. Бұл жерде сенатордың «күрт төмендеп кетті» дегені - орынсыз. Жылдар Қалада туғандар (бала саны) Ауылда туғандар (бала саны) 2014 222 821 176 488 2015 225 808 172 650 2016 229 731 170 963 2017 226 847 163 415 2018 235 014 162 785 2019 239 496 162 814 2020 249 627 177 197 Соңғы жеті жыл 1 629 344 1 186 312  Үкім: шындыққа жақын және манипуляция Сенатор депутаттық сауалында: «Жылдан-жылға ауыл халқының қалаларға көшуі ұлғаюда. Тек 2019-2020 жылдары ауылдан қалаға 880 мың адам қоныс аударған», – деген болатын. Өкінішке қарай, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне қарасты Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің ресми сайтынан 2019-2020 жылдары ауылдан қалаға қоныс аударғандар туралы нақты мәлімет табылмады. Ұлттық статистика бюросы «Демографиялық статистика» бөлімінің деректері бойынша, 2019 жылы ауылдан қалаға – 275 061, ал 2020 жылы – 219 507 адам қоныс аударыпты. Демек, барлығы – 494 568 адам. Үкім: фейк

 Шапағат СЕРДӘЛІ