«Алматының әлеуметтік мәселелерін шешуге ерекше көңіл аудару керек» - Тоқаев

«Алматының әлеуметтік мәселелерін шешуге ерекше көңіл аудару керек» - Тоқаев

«Алматының әлеуметтік мәселелерін шешуге ерекше көңіл аудару керек» - Тоқаев
ашық дереккөзі
Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтты, деп хабарлады turkystan.kz.
«Сіздің (Алматы әкімі Ерболат Досаев – авт.)  алдыңызда өте маңызды әрі күрделі міндеттер тұр. Алматы - біз үшін ерекше қала. Сондықтан да әлеуметтік мәселелерді шешуге ерекше көңіл аудару керек. Алматының шынайы рухын жандандыру керек. Әрине, қала тұрғындарына жақсы көңіл-күйді қайтару керек», - деді Тоқаев.
Сондай-ақ Тоқаев Алматы қаласына қатысты нақты мәселелер наурызда болатын сапары барысында талқыланатынын айтты.