Елімізде утильалым төмендейді
Елімізде утильалым төмендейді
Бұл туралы Премьер-министр Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлады turkystan.kz.
Үкімет әзірлеген «Жаңа экономикалық бағыт. Бірінші қадам. 2022 жыл» атты іс-қимыл бағдарламасында утильалымның өзекті мәселесі де қарастырылған.
«Автокөлік пен ауыл шаруашылығы техникасының утильалым ставкаларын айтарлықтай төмендету мәселесі қайта қаралуда. Сондай-ақ, сарқынды суларды ағызу көлемін азайту, технологиялық қажеттіліктер үшін тұщы суды тұтынуды қысқарту, стихиялық қоқыс тастайтын жерлердің санын азайту жөніндегі іс-шаралар іске асырылатын болады», - деді Үкімет басшысы.