Үкімет басшысы өңірлерге үздік педагогтар тартылатынын мәлімдеді
Үкімет басшысы өңірлерге үздік педагогтар тартылатынын мәлімдеді
Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-министр Әлихан Смайылов кадр тапшылығы бар өңірлерге үздік педагогтарды тарту үшін тиісті жағдайлар жасалатынын айтты, деп хабарлады turkystan.kz.
«Білім беру саласы бойынша биыл мектепке дейінгі ұйымдар қосымша ең кемі 30 мың жаңа орынмен қамтамасыз етіледі және 225 орта мектеп ашылады. Кадр тапшылығы бар өңірлерге үздік педагогтарды тарту үшін тиісті жағдайлар жасалады», - деп түсіндірді Әлихан Смайылов.
Оның айтуынша, жастарға үздік жоғары оқу орындарында білім алу қолжетімді болуы үшін беделді шетелдік 5 университеттің филиалы ашылады.
«Инженерлерді даярлауға арналған техникалық мамандық гранттарының үлесі 40 пайыздан 60 пайызға дейін ұлғайтылады», - деп толықтырды сөзін Премьер-министр Үкіметтің кеңейтілген отырысында.