Жаңалықтар

Түрмеде отырғандар саны 3 есеге азайған

ашық дереккөзі

Түрмеде отырғандар саны 3 есеге азайған

25 жылда түрмеде отырғандардың саны 3 есе азайды. Бұл туралы Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан республика судьяларының VII съезінде ҚР Жоғарғы сот төрағасы Қайрат Мәми мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz.  «Мемлекетіміз құқықтық жүйені ізгілендіру, яғни гуманизация жолын таңдады. Сондай-ақ, біздің бұл тәжірибемізді халықаралық сарапшылар алға басушылық деп бағалауда. Жалпы алғанда 25 жылда түрмеде отырған азаматтардың саны 3 есе азайды. Егер 1991 жылы Қазақстан 100 мың адамға шаққанда түрмеде отырғандардың коэффиценті бойынша әлемде 3-ші орында болса, ал 2016 жылы еліміз аталған көрсеткіш бойынша 62-ші орынға төмендеді», - деді Жоғарғы Сот төрағасы Қайрат Мами. Естеріңізге сала кетейік, елордада республика судьяларының VII съезі өтуде. Маңызды жиынға судьялар корпусы, Парламент депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың басшылары, заңгерлер қауымдастығының, халықаралық ұйымдардың, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері мен әлемнің 10-нан астам елiнен келген сарапшылар - барлығы 600 делегат қатысып жатыр. Республика судьяларының съезi 4 жылда бір рет өтеді. Тәуелсіздік жылдары iшiнде алты съезд (алғашқысы 1996 жылы) өтті. Маңызды жиын сот жүйесінің дамуы үшін айрықша стратегиялық мәнге ие. Олардың әрбірінде соттар дамуының қорытындысы шығарылып, өзекті мәселелер бойынша шешімдер қабылданады. Сондай-ақ съез барысында Елбасы судьяларға қазақ билерінің шешендік сөздерін оқуға кеңес берді. «Билерiмiздiң iстерiн бәрiмiз бiлемiз. Төле би, Қазыбек би, Әйтеке бидiң, бер жағында Бұқар жыраудың айтқандарын оқып отырыңыздар. Олар бiр ауыз сөзбен екi жақты жақындастырып, дауларды шештi. Сөзге тоқтаған қазақ келiсiмге келiп, айыппұлын төледi. Негiзiне келетiн болсақ, содан берi онша ештеңе өзгерген жоқ. Бастысы – әдiлдiк. «Әдiл биде ағайын жоқ» деген сөз бар. Қазақпыз ғой, ағайынсыз, жұрағатсыз, жекжатсыз болмаймыз. Дегенмен, елдi тәртiпке келтiру керек», - дедi Мемлекет басшысы. Елбасы атап өткендей, мемлекет соттарды қолдап, судьяларды қорғау керек, ал олар өз шаруасын жақсылап атқаруы қажет. Айта кетейiк, Астанада республика судьяларының VII съезі өтуде. Маңызды жиынға судьялар корпусы, Парламент депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың басшылары, заңгерлер қауымдастығының, халықаралық ұйымдардың, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері мен әлемнің 10-нан астам елiнен келген сарапшылар - барлығы 600 делегат қатысып жатыр. Республика судьяларының съезi 4 жылда бір рет өтеді. Тәуелсіздік жылдары iшiнде алты съезд (алғашқысы 1996 жылы) өтті. Маңызды жиын сот жүйесінің дамуы үшін айрықша стратегиялық мәнге ие. Олардың әрбірінде соттар дамуының қорытындысы шығарылып, өзекті мәселелер