«Жабайы Арманның» адвокаты прокуратура мәлімдемесіне жауап берді

«Жабайы Арманның» адвокаты прокуратура мәлімдемесіне жауап берді

«Жабайы Арманның» адвокаты прокуратура мәлімдемесіне жауап берді
ашық дереккөзі
Қылмыс әлемінде «Дикий Арман» лақап атымен танылған Арман Жұмагелдиевтің қорғаушылары Бас прокуратураның мәлімдемесіне жауап берді, деп хабарлады turkystan.kz sputnik.kz-ке сілтеме жасап. Олардың пікірінше, біріншіден, тергеу құпиясы ашылды. Екіншіден, «Арман Жұмагелдиевтің қорғаушылары бұл мән-жайларды бірінші рет естіп отыр» және бұл мән-жайлар қылмыстық қудалау органы біліктілігі қаулысымен өз қорғаушысына ұсынылмаған.
«Қорғау тарапы Бас прокуратура өкілі Қылмыстық-процестік кодекстің тиісті процессуалдық рәсімдерінсіз Жұмагелдиев А.-ға қатысты болмаған мән-жайларды жариялап, БАҚ пен қоғамды қасақана жаңылыстырды деп есептейді. Мұнымен тергеу біржақты және айыптау бағытында өтетінін көрсетті», - дейді адвокат Талғат Есімов.
Тағы оқи отырыңыз: Бас прокуратура «Дикий Арманға» қатысты мәлімдеме жасады