«Түрмеде отырып шыққаным жақсы»: сотталушы мәжбүрлі жұмыстан бас тартты

«Түрмеде отырып шыққаным жақсы»: сотталушы мәжбүрлі жұмыстан бас тартты

«Түрмеде отырып шыққаным жақсы»: сотталушы мәжбүрлі жұмыстан бас тартты
ашық дереккөзі
Қарағанды облысындағы Балқаш қаласының тұрғынына тағайындалған шектеу жазасы бас бостандығынан айыру түріндеге жазаға ауыстырылды, деп жазды turkystan.kz. Облыстық ҚАЖД баспасөз қызметі өкілдерінің айтуынша, сот топтық тонауға қатысы бар 27 жастағы ер адамға 3 жыл 6 ай бас бостандығын шектеу және жыл сайын 100 сағат мәжбүрлі еңбекке тарту жазасын тағайындады. Балқаш қаласы пробация қызметінің қызметкерлері сотталушыны көше тазалаумен айналысатын кәсіпорынға жұмысқа орналастырды. Алайда ол 4 сағат жұмыс істегеннен кейін жұмысқа келуді қойған.
«Бізге кәсіпорын өкілдері хабарласып, сотталушының жұмысқа шықпай қойғанын айтты. Кейін оны көпқабатты тұрғын үйлердің біріндегі ПИК-ке ауыстырдық. Бірақ сотталушы ол жерде де жұмыс істегісі келмеді. Бізге ол жұмыс істегеннен гөрі, түрмеде отырып шыққаны жақсы екенін айтты. Кейін сотқа бас бостандығын шектеу түріндегі жазаның өтелмеген мерзімін бас бостандығынан айыруға ауыстыру туралы ұсыныс бердік», - деді пробация қызметінің өкілі Мадияр Әшірбеков.
Енді бостандықта жүріп, жеңіл жұмыс істеуге ерінген азамат қалған мерзімін түрмеде өтейді. Мұндай шара сот үкімінің талаптарын қасақана орындамайтындарға қатысты қолданылады.