«Сенде дуа бар»: адамды ерекше әдіспен алдайтын емші ұсталды

«Сенде дуа бар»: адамды ерекше әдіспен алдайтын емші ұсталды

«Сенде дуа бар»: адамды ерекше әдіспен алдайтын емші ұсталды
ашық дереккөзі
Қызылорда облысында емші кейпіне еніп жүрген алаяқ ұсталды, деп хабарлады turkystan.kz облыстық Полиция департаментіне сілтеме жасап. Шиелі аудандық полиция бөліміне аудан тұрғыны арызданды. Онда бейтаныс әйелдің оған «сенде дуа бар, емдеп беремін» деп сеніміне кіргені айтылған. Салдарынан оның қымбат алтын бұйымдарын алдап алған. Артынша алаяқ ізін суытқан. Келтірілген шығын көлемі - 500 мың теңге.
«Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті қолға түсті. Ол Қарағанды облысының тұрғыны болып шықты. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексі 190-бабының 1-бөлігімен («Алаяқтық») сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде», - деп мәлімдеді ПД өкілі.