Қайрат Мәми: Ұлт жоспары бойынша жүктелген 10 қадамның барлығы толықтай орындалды

Қайрат Мәми: Ұлт жоспары бойынша жүктелген 10 қадамның барлығы толықтай орындалды

Қайрат Мәми: Ұлт жоспары бойынша жүктелген 10 қадамның барлығы толықтай орындалды
ашық дереккөзі
ҚР Жоғарғы соты «100 нақы қадам» Ұлт жоспарында жүзеге асыруға міндетті 10 қадамның барлығын толық орындаған. Бұл туралы Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан республика судьяларының VII съезінде ҚР Жоғарғы сот төрағасы Қайрат Мәми мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz.
 «Ұлт жоспарының заң үстемдігін қамтамасыз етуге байланысты 2-ші реформасы өз уақытында, әрі тиісті деңгейде іске асырылуда. Барлық қажетті заңдар қабылданды. Жаңа нормалар соттардың тәжірибесіне сәтті енгізілуде. Нәтижесінде отандық сот жүйесі айтарлықтай жаңарды. Жалпы алғанда ҚР Жоғарғы соты Ұлт жоспары бойынша өзіне жүктелген 10 қадамның барлығын толықтай орындады», - деді ол.
Сонымен қатар Жоғарғы сот төрағасы 2013 жылы өткен республика судьяларының VI съезде қабылданған қарарлардың барлығы толық жүзеге асқандығын ерекше атап өтті.«Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың судьялардың VI съезінде берген соттардың штаттық санын көбейту, медиацияны дамыту және азаматтық-процессуалдық заңнаманы жаңарту, әрі Ұлт жоспарындағы заң үстемдігін қамтамасыз ету бойынша берген тапсырмалары сот әділдігін арттыруға зор ықпал етті», - деді төраға. Сонымен қатар Қайрат Мәми сот істерін жүргізуде ақпараттық технологияларды кеңінен қолданылып жатқандығын мәлімдеді.«Соңғы жылдары отандық соттар сот ісін жүргізуде ақпараттық технологияларды толық меңгеріп алды. Бүгінде көптеген елдердің өкілдері біздің электронды іс жүргізу тәжірибемізді үйрену үшін Қазақстанға сұрануда», - деп түйіндеді сөзін ҚР Жоғарғы сот төрағасы. Естеріңізге сала кетейік, елордада республика судьяларының VII съезі өтуде. Маңызды жиынға судьялар корпусы, Парламент депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың басшылары, заңгерлер қауымдастығының, халықаралық ұйымдардың, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері мен әлемнің 10-нан астам елiнен келген сарапшылар - барлығы 600 делегат қатысып жатыр. Республика судьяларының съезi 4 жылда бір рет өтеді. Тәуелсіздік жылдары iшiнде алты съезд (алғашқысы 1996 жылы) өтті. Маңызды жиын сот жүйесінің дамуы үшін айрықша стратегиялық мәнге ие. Олардың әрбірінде соттар дамуының қорытындысы шығарылып, өзекті мәселелер бойынша шешімдер қабылданады.